» 
 » 
Жүйе



Текст песни Marhaba Sabi - Жүйе

Жүйе
Marhaba Sabi
Қате жүйе,қисық жүйе
Ағал-жағал, күйе-күйе
Қате жүйе,қисық жүйе
Адамға жау, дүлей бейне
Мағынасыз дүние
Бағынасыз дүние

Келешекте не болмақ?
Бұл жүйеге бәрібір
Кете берсе осылай
Ертеңгі күн көк түтін
Ертеңгі күн бұлыңғыр

Қайырмасы:
Өзгеру керек,өзгерту керек
Ашылып аспан сейілсін түнек
Қорықпау керек, қаймықпау керек
Өмір біреу - ақ шарықтау керек!

Үш жүз қырық екі ай - алдаумен өтіп, жоғалған уақыт
Үш жүз қырық екі ай - фейковый арман, фейковый бақыт!

Жабыққан адам
Зарыққан адам
Тарыққан адам
Қорыққан адам
5 тиын құның
Көк тиын бағаң.

Қайырмасы:
Өзгеру керек,өзгерту керек
Ашылып аспан сейілсін түнек
Қорықпау керек, қаймықпау керек
Өмір біреу - ақ шарықтау керек!

Шарықтау керек!
Шарықтау керек!
https://lyrics.primanota.net/marhaba-sabi/zhie.htm