» 
 » 
Қалалық ақ қыз



Текст песни Moldanazar - Қалалық ақ қыз

Қалалық ақ қыз
Moldanazar
Жұпарлы иіс су 
Бұрыннан таныс маған,
Сүйкімді және қу
Көздерің қадалған.
Майысып шыбықтай
Қылығымен арбаған,
Көркіменен дуалаған,
Қалалық ақ қыз!

Аспаннан жұлдыз терейін,
Айды да алып берейін,
Еркіңе сенің көнейін.
Ұғынып әр кез қолдайын,
Батырың болып қорғайын
Жақындау саған бір уайым,
Қалалық ақ қыз!

Тәкаппар мінезің
Жүзіңде анық ойнаған,
Бетіңнің пердесі
Сәт сайын ауысқан.
Қауіпті жақындау
Батылым жетпей жүрмін-ау
Әуреге мені салдың-ау,
Қалалық ақ қыз!

Аспаннан жұлдыз терейін,
Айды да алып берейін,
Еркіңе сенің көнейін.
Ұғынып әр кез қолдайын,
Батырың болып қорғайын
Жақындау саған бір уайым,
Қалалық ақ қыз!

Ұғынып әр кез қолдайын,
Батырың болып қорғайын
Жақындау саған бір уайым...
https://lyrics.primanota.net/moldanazar/alaly-a-yz.htm