» 
 » 
Úıde



Текст песни Darkhan Juzz - Úıde

Úıde
Darkhan Juzz
Аккорды  и  играются на 6 ладу

Мамырдың айлы түні,
Кеудеме сіңді көк шөптің түтіні,
Болу керек еді менімен бір күні,
Бұл сәт,
Жүргенімде бір күліп.
Күйдіріп алма қолыңды,
Ыстық болады жүрек ұмытпасаң жолынды.
Айналаң зұлымды, бірақ көрсетпе жүзіңді мұңды,
Білікті бірді, білімді мыңды тек сен.
Сөздеріме менің,
Мен сені алдамаймын.
Бұл ғажайып әлемнің,
Өлеңі тоқтамайды, бро.
Қара көздеріме қара,
Сөздерімді тыңдашы.
Сенің жалғыз анашың,
Көріп сені толғайды.

Үйде
Үйде-де-де-де-дей
Үйде-де-де-де-дей
Барапа-па-па-паа

Қанша жылдар созбасын,
Бәрібір керек асығына қорғасын.
Неліктен жалғыз қаламын деп қорқасын,
Бар ғой,
Бар ғой сенің отбасын үйде.
Ең әдемі көбелек,
Қалдыруы мүмкін жүрегіңді өкпелеп.
Айтқан шығар біреу өкпеңді көп төкпе деп, бекер,
Сол адаммен бол көбірек, тек сен.
Мәтіні бұл өлеңнің,
Мен сені алдамаймын.
Жүз мың жылдық әлемнің,
Жүрегі тоқтамайды, бро,
Қара көздеріме қара,
Бір дем алып тыңдашы,
Сенің алма ағашың,
Ешқашан қартаймайды.

Үйде
Үйде-де-де-де-дей
Үйде-де-де-де-дей
Барапа-па-па-паа

Боламын бұлбұлдай бұл күйде
Үйде-де-де-де-дей
Үйде-де-де-де-дей
Барапа-па-па-паа
Другие композиции этого автора:
https://lyrics.primanota.net/darkhan-juzz/ude.htm