» 
 » 
Бағалайық бақытты



Текст песни Казахские песни - Бағалайық бақытты

Бағалайық бақытты
Казахские песни
1. Балғын-дәурен, балауса кезің қандай
Гүл бағында балқиды сезім балдай
Құрбым осы бақытты сезіне алмай
Кейін алып жүрмейік кезіге алмай

Жүрегімде махаббат ән тербетер
Бағалайық бақытты жан тербетер
Мұңға батып қалмасын көңіл бекер
Оралмайды жан-құрбым - өмір өтер

2. Ешкім бізге аяулым бал ашпайды
Қалауына жүректің таласпайды
Жүрек үнін тыңдаған адаспайды
Ешкімге де жалғыздық жараспайды

Жүрегімде махаббат ән тербетер
Бағалайық бақытты жан тербетер
Мұңға батып қалмасын көңіл бекер
Оралмайды жан-құрбым - өмір өтер

Арманның мекені, алыстап кетеді
Жастығың өтеді қас-қағымда
Бағың бір таймасын, көңілің сайрасын
Өмірің жайнасын жас шағыңда
https://lyrics.primanota.net/kazaxskie-pesni/baalaiy-baytty.htm