» 
 » 
Сәйгүлік



Текст песни Казахские песни - Сәйгүлік

Сәйгүлік
Казахские песни
Табылды Досымов - Сәйгүлік

1.Кездерде кейде қара бұлт айды бүктеген, 
Үйіме үнсіз тұңжырап қайғырып келем. 
Талықсып жатып содан соң кетемін ұйықтап, 
Ұйықтап кетсем түсімде сәйгүлік көрем...

Қайырмасы:
Мінем де шабам алдымнан аңғарлар қаптап,
Таулардан орғып өтемін, заңғарларды аттап.
Жарықтың жылдамдығын да жолда қалдырам,
Мен болсам - арман, тұлпарым - арманнан да әппақ!

2.Жосылтам, шіркін!Борайды жаңа өлең қардай. 
-Тұлпарым қандай сол шақта және мен қандай?!
Аңсау бар жанда ес - түссіз! -Тым - тым алыста
Тек мені күтіп жатқан бір ақ әлем бардай ......

3.Аққу сындымын бүгінде айдыны - қырау.
Ақ әлемге барып жерлер ем қайғыны мынау. 
-Өңіме қарап, апыр - ау, шаппайсың ба енді,
Түсімде көріп жүретін сәйгүлігім - ау!..
https://lyrics.primanota.net/kazaxskie-pesni/siglk.htm