» 
 » 
Сағындым Алматымды



Текст песни Музарт - Сағындым Алматымды

Сағындым Алматымды
Музарт
Сағындым Алматымды

Капоны 1 пернеге қыстырыңыз.

терілуі: 5-3-2-1-2-3 | 4-3-2-1-2-3

Қосамын әнге атыңды
Тосамын әр хатыңды
Сағындым алма бағын
Арайлы Алматымды
Сағындым аққу үнді
Сағындым ақ гүлімді
Алматым, сайладың сен
Шабытты шаттығымды

А-a-a-a-a-a-й
Шабытты шаттығымды

Еске алу Көктөбені
Жаныма от береді
Алғашқы махаббатқа
Куәгер - Көктерегі

Қалайды жаным жырды
Болмайды әнім мұңды
Пәк көңіл, ақ жүректі
Достарым сағындырды

А-a-a-a-a-a-й
Достарым сағындырды

Аспаны астананың
Сағындым жастар әнін
Сағындым шыңдарыңды
Алатау - асқаралым!
Ғашықпын жауыныңа
Талпынған тау ұлына
Сағынып жетем саған
Бас мені бауырыңа!

А-a-a-a-a-a-й
Бас мені бауырыңа
https://lyrics.primanota.net/muzart/sayndym-almatymdy.htm